
2,5 гектар аумақты алып жатқан жаңа кешенде асхана, сауда алаңы, автотұрақ, сондай-ақ намаз оқу орны қарастырылған
Ұлғайсын ауылының маңынан өтіп жатқан Самара – Шымкент бағытындағы М-32 автожолының 1020 шақырымында жаңа кафе ашылды. Бұл жол бойындағы қызмет көрсету орталығы жеке инвестициялар есебінен ашылғанын айта кеткен орынды.
Кафе 80 адамға шақталған. Мұнда түрлі тағамдар, салаттар, сусындар ұсынылған.
Сонымен қатар жол бойындағы кешеннің маңында көлік тұрағына арналған кең алаң қарастырылған: ауыр жүк көліктері мен автобустарға 40 орын және жеңіл автокөліктерге 20 орын дайындалған.
Аталған кешенде әлеуметтік қажеттіліктер де ескерілгенін айта кетейік. Мәселен, намаз оқу орны мен ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін де барлық жағдай жасалған.
Қызмет көрсету орталығының жұмысы жолға қойылудың нәтижесінде жергілік халық тұрақты жұмыспен қамтылды. Болашақта жұмысшылардың қатары артпақ. Өйткені бұл маңнан қонақ үйді салу жоспарланған.
Осы орайда жыл соңына дейін республикалық маңызы бар жолдарда 30 қызмет көрсету нысанын салу көзделіп отырғанын айта кету керек,.