
Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы «Атамекен» ҰКП бірлесіп, В2В форматында жобалаушы компаниялар мен кәріз тазарту жүйелеріне арналған жабдықтарды дайындайтын отандық өндірушілермен кездесу ұйымдастырды
Кездесу ҚР Үкіметі қабылдаған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы бойынша КТЖ жобаларын іске асырудың орталық үйлестірушісі ретінде ұйымдастырылды. Іс-шара жобаларды іске асыру процестерінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ КТЖ салып, жаңғырту мәселелеріне бизнесті тартуға, отандық өндірушілердің жобаларына барынша қатысып,қолдауға бағытталған.
Қатысушылар жобаларды іске асыру мәселесіндеҚазорталықтың ашық ұстанымының маңыздылығын атап өтті және осындай іс-шараларды тұрақты негізде ұйымдастыру қажеттігін, осы арқылы тиімді шешімдерді анықтау үшін сала қатысушыларының хабардарлығын, тартылуын және бәсекелестігін арттырудың маңыздылығына тоқталды
Қазір өңірлерде қолға алынған КТЖ-не байланысты 68 жоба туралы мәлімет орталықтың сайтында қолжетімді екенінайта кетейік