ҚР ИИДМ жер қойнауын игеруге байланысты келісімшарттар мен лицензиялар талаптарының сақталуын тексереді

ҚР ИИДМ жер қойнауын игеруге байланысты келісімшарттар мен лицензиялар талаптарының сақталуын тексереді

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жер қойнауын пайдаланушылардың қатты пайдалы қазбаларға байланысты келісімшарттар мен лицензиялар талаптарының орындалуын бақылап, мониторинг жүргізу туралы бұйрыққа қол қойды

Осы арқылы аталған мониторингтің аясында еліміздің барлық өңіріндегі кен орындарында24 шілдеден бастап тексеру жұмыстары жүргізіледі. Бірінші кезекте лицензиялық-келісімшарттық міндеттемелерді сақтамағанжер қойнауын игерушілердің қызметіне бақылау шараларын іске асыру көзделген.