ҚР ИИДМ-де Түркиямен жүк тасымалы мәселелері талқыланды

ҚР ИИДМ-де Түркиямен жүк тасымалы мәселелері талқыланды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.Атамқұлов пен Түркия Республикасының Көлік және инфрақұрлым министрі А.Караисмаиоғлы арасында бейнеконференция режимінде келіссөздер өтті.

Келіссөздер барысында екі мемлекет арасында жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Қазақстан тарапының өтініші бойынша түрік тарапы бұдан бұрын қабылдаған Түркия аумағына кіру кезінде шет мемлекеттердің жүргізушілері үшін 14 күндік карантин режимін сақтау талабы бойынша шектеулерді алып тастағанын хабарлады. Шетелдік жүргізушілер Түркияға кіргеннен кейін 72 сағат ішінде қайтадан шығатындарына кепілдік беретін болса, 14 күндік карантин мерзімін сақтаудан босатылады. Сонымен қатар Түркия Республикасының кеден органдары жол жағдайы, ауа-райы жағдайы және басқа да маңызды себептерге байланысты 72 сағаттық мерзімді қосымша 24 сағатқа дейін ұзарта алады.