
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында әуе тасымалдаушылар ағымдағы жылдың 1 мамырынан Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арасында ұшуды қайта бастауға дайын.
Күніне 4 рейстен болады, оның ішінде 2 рейсті "Эйр Астана", 1 рейсті "Fly Arystan" және 1 рейсті "SCAT" әуе компаниясы орындайды.
|
Әуе акомпаниясы |
Кесте |
ӘК түрі/ сыйымдылығы |
|
1. Эйр Астана |
1.Алматы (06:55) – Нұр-Сұлтан (08:40) (Рейс КС-951) Нұр-Сұлтан (09:40) – Алматы (11:20) (Рейс КС-952)
2. Алматы (19:45) – Нұр-Сұлтан (21:30) Нұр-Сұлтан (22:30) – Алматы (00:10) (Рейс КС-856)
|
Embraer 190/ |
|
2. Fly Arystan |
Нұр-Сұлтан (10:50) – Алматы (12:30)
(Рейс KCX-7055) |
Airbus 320/ |
|
3. SCAT |
Алматы (09:00) – Нұр-Сұлтан (11:30)
Нұр-Сұлтан (12:30) – Алматы (15:00) (Рейс DV-714) |
Boeing 737/ 144 орын |
Билеттер бүгіннен сатыла бастайды. Әуе компаниялары олардың бағасын рейстер тоқтатылғанға дейінгі деңгейде сақтауға міндеттеме алады. Әрі қарай жағдай жақсарып жатса, рейстер санын және әуе кемелерінің сыйымдылығын арттыру мәселесі қаралады.
Ұшулар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Көліктегі бас санитарлық дәрігері бекіткен санитарлық талаптардың күшейтілген нормаларын сақтай отырып, жүзеге асырылады. Олардың негізгілері мыналар:
- жолаушыларда COVID-19 тестінен өткені және оның нәтижесі теріс болғаны туралы анықтама болуы қажет (анықтаманың қолданылу мерзімі - берілген күннен бастап 7 күн);
- жеке қорғаныс құралдарын пайдалану (бетперделер, қолғаптар);
- термометрия, әлеуметтік қашықтық сақтау;
- әуежайлар мен әуе кемелерін күшейтілген негізде залалсыздандыру.
Санитарлық қауіпсіздік талаптары бойынша аталған рейстерде бортта тамақ берілмейді.
Аталған бағыттарға ұшатын азаматтар коронавирус инфекциясына тестті өз қаражаты есебінен ақылы негізде жасататынын айта кету керек. Тест өтуге болатын зертханалардың мекенжайлары мен телефондары:
Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арасындағы рейстер тоқтатылғанға дейін күніне 17 рейс ("Эйр Астана" - 9 рейс, "SCAT" - 3 рейс, "Qazaq Air" - 2 рейс, "Fly Arystan" - 3 рейс) орындап келді.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі