
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріДинара Щеглова Азиялықинфрақұрылымдық инвестициялар банкінің вице-президенті Людгер Шукнехтпен кездесіп, өзара тиімді ынтымақтастықты арттыру жолдарын талқылады
Кездесу барысында аталған қаржы институтының өкілдері қандай бағытта қызмет көрсететіндерін айтып, қаржыландырылып іске асырылып жатқан иинфрақұрылымдық жобаларды таныстырдыӨз кезегінде Динара Щеглова еліміздің Үкіметі шетелдік әріптестердің кез келген ұсынысын жоғары бағалайтынын, сондай-ақ бұл бағытта инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша біршама жұмыс атқарылғанын айтты.
«Осы кездесуді негізгі бағыттар бойынша іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларды талқылау үшін маңызды деп санаймын. Қазақстан отандық көлік-транзиттік әлеуетті дамытып, ішкі жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту үшін бар күш-жігерін жұмсап келеді.
Мәселен, қазір республикалық маңызы бар автожолдарды салып, жаңғыртужөніндегі жобалар іске асырылып жатыр2024-2030 жылдар аралығында жалпы ұзындығы 4,4 мың шақырымға жететін жаңа жобаларды кезең-кезеңімен іске асыруды көздеп отырмыз деді Динара Ринатқызы.
Бұдан басқа кездесуде қаржыландыруды қажет ететін перспективалы инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың тетіктері қарастырылды.
Кездесудің соңында Д.Щеглова министрліктің өз құзыреті аясында шетелдік банкке барынша қолдау көрсетуге әзір екенін және әрі қарай жемісті әріптестікті нығайтуға мүдделі екендерін жеткізді.