
Қазақстан мен ЕО арасындағы аса маңызды шикізат саласындағы ынтымақтастыққа арналған іс-шаралар шеңберінде Еуропалық елшіліктер мен компаниялар делегацияларының қатысуымен Өскемен қаласында екіжақты кездесулер өтті.
Делегация құрамында ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Роман Василенко, ҚР Еур. Одақ елшісі Кестутис Янкаускас, ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов және ҚР ИИДМ жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры Алмас Кушумов болды.
Өңірге сапар барысында делегация Үлбі металлургия зауытына, "Казцинк" ЖШС Өскемен металлургия комбинатына және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне барды. Сапар Еур. Одаққа мүше елдердің елшілері мен еуропалық компаниялардың өкілдерінің зауыт басшылығымен кездесуінен басталды. Тараптар екіжақты әріптестік орнатудың перспективалық бағыттарын талқылады.
Сонымен бірге өндірістің технологиялық процесі ұсынылған металлургиялық цехтарға экскурсия ұйымдастырылды. Еуропалық өнеркәсіптік кәсіпорындардың жергілікті зауыттардың өкілдерімен екіжақты B2B кездесулері де өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 4 шілдеде "ҚР мен ЕО арасындағы КСМ саласындағы бизнес-әріптестік" тақырыбында форум өтеді. Форум аясында екі тараптың салалық бизнес-қоғамдастықтары өкілдерінің кездесуі ұйымдастырылады.