
2020 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша көліктік бақылау органдары 28 032 жүк автокөлігін тексеріп, заң талаптарын бұзған 4231 автокөлік құралын анықтады. Оның ішінде 219 шетелдік көлік құралы жол жүруге берілетін рұқсат жүйесін бұзған. 827 жүк көлігінің шамадан тыс жүкпен жүріп өтуіне тосқауыл қойылды. Жалпы алғанда 198 млн. теңгеге айыппұл салынып, өндірілді.
Сонымен қатар, аталған кезеңде 46 шаруашылық субъектісі тексеріліп, 34 заң бұзушылық анықталды және 30 заң бұзушылықты жою туралы ұйғарым берілді. Көлік жүргізушілерінің еңбек және демалыс режимін бұзғаны үшін 2382 әкімшілік материал ресімделіп, 29 млн. 245 мың теңге сомасында айыппұл өндірілді. Бұл шаралар жалпы тасымалдау (жолаушыларды, жүктерді және қауіпті жүктерді тасымалдау) қауіпсіздігіне оң әсер етіп отыр.
Арнаулы рұқсат беруге келсек, биылғы І тоқсанда ірі көлемдегі және ауыр салмақты авто көлік құралы үшін 6 444 арнайы рұқсат, шетелдерге баруға 51 557 рұқсат, шетелдік тасымалдаушылар үшін 665 транзиттік рұқсат берілді.
12 техникалық байқау операторы ашылып, 4 тізілімнен шығарылды. Елімізде қазір жалпы 673 техникалық байқау орталығы бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде байланыстарды қысқарту мақсатында: 1, 6, 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға ірі көлемді және ауыр салмақты автокөліктің жүруіне арнайы рұқсат беру, жүктерді халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру туралы куәлік және елдегі төтенше жағдай кезеңінде АКҚ рұқсат карточкасын беру сияқты өтінімдерді қарау қорытындылары бойынша 2020 жылғы 15 сәуірден бастап рұқсаттар қағаз түрінде берілмейді.