ҚР ИИДМ Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті төрағасының орынбасары етіп И.А. Сабировты тағайындау туралы ақпарат

ҚР ИИДМ Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті төрағасының орынбасары етіп И.А. Сабировты тағайындау туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті төрағасының орынбасары болып Сабиров Имин Абдувалиевич тағайындалды.

И.А. Сабиров 1963 жылы 13 сәуірде дүниеге келген. 1987 жыл – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Әкімшілік құқық кафедрасының ассистенті болып бастаған. ҚР Конституциялық сотында, ҚР Жоғарғы сотында, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде, «ҚазТрансГаз» ЖАҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі «ЕС-Қазақстан энергетикалық орталығы» РКК, «Аймақтық газкөлік жүйесі» ЖАҚ, ҚР Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар комитетінде, ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілік ету комитетінде, Қаржылық нарық, қаржылық ұйымдарды реттеу және бақылау агенттігінде, «Ертіс» ӘКК» ҰК АҚ, «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ-да түрлі қызметтер атқарған. Тағайындалғанға дейін Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды. 

ҚР ИИДМ Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті төрағасының орынбасары ретінде заңдық, нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысады.