Министр Марат Қарабаев мұнайлы өлке тұрғындарымен кездесті

Министр Марат Қарабаев мұнайлы өлке тұрғындарымен кездесті

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Атырау облысына жасаған жұмыс сапарында жергілікті халықпен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Мұнайлы өлкенің тұрғындарымен кездесуде ведомство басшысы министрліктің құзырындағыбасым салалар бойынша, атап айтқандаАтырау облысына байланысты сұрақтарға барынша ашық жауап бердіБұл ретте Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өнеркәсіп өндірісін дамыту, жол және тұрғын үй құрылысы, инженерлік инфрақұрылым, көлік-логистикасы, жер қойнауын игеру, көлік қатынасы сынды маңызды салаларға жауапты екенін айта кеткен орынды

Мәселен, Жұлдыз ықшам ауданының тұрғындары көптен бері жерасты суынан зардап шегіп келеді екен. Жергілікті халықтың айтуынша, аталған ауданда кәріз-тазарту жүйесі жолға қойылмаған. Ал оның салдарынан көктем-күз мезгілдерінде адамдардың жүріп-тұруы қиындай түседі. Сол себепті аудан халқы министрге арнайы жұмыс тобын құрып, осы мәселені реттеп беруін өтінді

Бұл орайда Марат Қарабаев Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдолға аталған мәселені назарға алуды тапсырып, КТЖ-нің құрылысын республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін келер жылға дейін жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауды тездетіп қолға алу керектігін айтты.  

Бауыржан Жалелұлы ықшам ауданға барып, жағдайды бақылап қайтатын болады. Содан кейін биылғы шілдеде жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға қаражат салынып оны биыл аяқтаса, келер жылдың басында бюджетті қалыптастыру жұмысы басталады. Бұдан кейін барып шамамен маусым айында құрылыс жұмыстарына кірісуге болады деді Марат Кәрімжанұлы.

Ал атыраулық кәсіпкер Данияр АмангелдіұлыЖайық өзенінің жағасында халық серуендеп, тынығатын орын салуды қолға алыпты. Алайда оның пікіріне сүйенсек, көлік бақылауинспекциясы аталған азаматқа кәсібін жүргізуге кедергі келтіріп отыр.

«Таяуда Атырау өңіріне жаңа көлік бақылау инспекциясының басшысын тағайындаған болатынбыз. Міндетті түрде осы кісімен тығыз байланыста болуыңызды сұраймын. Осы реттеаталған инспекцияның өкілдеріне айтарым, кәсібін адал жүргізіп отырған азаматтарға жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек. Экономикаға нұқсан келтірмеуіміз қажет», деді М.Қарабаев.  

Келесі кезекте министрге өз сұрағын мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған азаматша жолдады. Атап айтқанда, көп балалы ана инватаксидің қызметін ұсынып отырған тасымалдаушыға көңілі толмайтынын жеткізді.

Бұдан бөлек М.Қарабаев жергілікті азаматтарды жеке мәселелеріне байланысты қабылдағанын атап өткен жөнМинистрмен кездесуге 7 адам жазылып, азаматтардың тарапынан сумен жабдықтау жүйелерін реттеуге, өңірдегі автожолдардыңқұрылысы, әуе билеттерінің бағасы, тұрғын үй құрылысы қатынастары, электр желілерін тарту, сондай-ақ жер қойнауын игеруге қатысты мәселелер көтерілді. Бұл тұста министр өтініш берушілерге   жоғарыда айтылған мәселелерді заң аясында шешудің жолдарын түсіндірді.

Сонымен қатар атыраулықтар экологияға қатысты сауалдарын да жолдады. Министр бұл ведомствоға қатысты мәселе болмаса да оны салаға жауапты орталық атқарушы органға жеткізетінін айтты.