Марат Қарабаев отандық БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады

Марат Қарабаев отандық БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтады

28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев отандық журналистермен кездесті.

Кездесу барысында ведомство басшысы өзекті мәселелерді талқылап, атқарылған жұмыстар туралы жеткізді. Бұл ретте «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасын жүзеге асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы зор екенін айта кеткен орынды.

«Қоғамдық пікірді қалыптастыруда БАҚ қызметкерлерінің рөлі бөлек. Сіздердің жұмысыңыз халыққа дұрыс әрі тексерілген ақпаратты жеткізіп,  алуан түрлі мәселелерді шешуге септігін тигізіп келеді.

Осы орайда қалам ұстаған барлық азаматты кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Үкімет, Сенат және Мәжіліс отырыстарынан кейін 5-10 минуттың ішінде бүкіл қойылған сұраққа жауап беру мүмкін емес. Ал мұндай форматтағы кездесулер өте маңызды, оларды белгілі бір тақырып аясында тұрақты негізде өткізетін боламыз», деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.

Бұл орайда 2019 жылдың 24-ші маусымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық қоғамды дамытудағы журналистердің қызметін ескеріп, 28 маусымды – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні ретінде белгілеуді тапсырған болатын.