Германияның президенті Әлихан Смайыловпен бірге Құрық портына барды

Германияның президенті Әлихан Смайыловпен бірге Құрық портына барды

Аталған портқа аялдағанФрэнк-Вальтер Штайнмайер инфрақұрылымдық нысанныңжұмысымен танысып атап айтқанда теміржол жәнеавтомобиль көлігімен паромдарға жүкті тиеу процесін, сондай-ақ Каспий теңізінің Қазақстанның бөлігіндегі, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясында осы инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жоспарларды бағамдап қайтты

Бұл орайда Қазақстанның Үкімет басшысы ГФР президентіне аталған бағыт арқылы былтыр жүк тасымалының көлемі 2 есеге ұлғайғанын, сондай-ақ биылғы 5 айда 64%-ға артқанын жеткізді

Құрық портын аралау кезінде тараптар транзиттік әлеуетті күшейту мен инвестиция тарту мәселелерінде ұзақмерзімді жемісті әріптестікті дамытып, нығайтудың маңыздылығына тоқталдыСонымен қатар германиялықтар көлік-логистикасы бағытында перспективалы жобаларды іске асыруға бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендерін айтты.