С. Бармақов: жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 100% дейін жеткізіледі

С. Бармақов: жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 100% дейін жеткізіледі

ОКҚ алаңында өткен брифингте баяндама жасаған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов Қазақстандағы жол инфрақұрылымының сапасын арттыру жөнінде айтып берді.

Бармақвотың айтуына қарағанда, инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының алғашқы бесжылдығында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 3 мың шақырымы құрылыс және қайта жаңарту жұмыстарынан өткізіліп, шамамен 10 мың шақырым жол жөнделді. Жолдардың 682 шақырымында төлем алу жүйесі енгізілді. Автомобиль жолдары саласындағы жұмыстарға 100 мыңға жуық адам жұмылдырылды. Сонымен қатар, жергілікті маңызы бар жолдардың 15 мың шақырымы жөнделді.

«Өткен жылғы желтоқсанда Үкімет қаулысымен инфрақұрылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бағдарлама аясында алдағы 6 жылда 10 мың шақырым жолды салу және реконструкциялау (оның ішінде 3,8 мың шақырым – өтпелі жобалар), республикалық желідегі 11 мың шақырым автомобиль жолын күрделі және орташа жөндеуден өткізу жоспарланған. «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша автомобиль жолдары саласын қаржыландырудың жалпы көлемі 3,5 трлн. теңгені құрайды», – деп атап өтті спикер.

Жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 100% дейін жеткізілсе, I және II техникалық санаттағы жолдардың ұзындығы 60% дейін арттырылатын болады. Сонымен қатар, жергілікті жолдардың 27 мыңнан астам шақырымын жөндеу жоспарланған. Бұл облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың 95% пайызын жақсы және қанағаттандырарлық жағдайға жеткізуге мүмкіндік береді. Биыл автомобиль жолдарының 4 мың шақырымы («Қарағанды – Балқаш – Қапшағай», «Ақтөбе – Атырау – Астрахань», «Талдықорған – Өскемен», «Қалбатау – Майқапшағай», «Көкшетау – Петропавл – Қорған, Ұзынағаш – Отар, Меркі – Бурылбайтал», «Қостанай – Денисовка», «Үшарал – Достық») құрылыс жұмыстарымен қамтылған.

«Жыл соңына дейін автомобиль жолдарының 2,6 мың шақырымында, атап айтқанда «Қарағанды-Балқаш-Қапшағай»; «Ақтөбе-Атырау-Астрахань; «Талдықорған-Өскемен»; «Қалбатау-Майқапшағай; «Меркі-Бурылбайтал»; «Үшарал – Достық»; «Ұзынағаш-Отар»; «Көкшетау-Петропавл-Қорған», «Қостанай-Денисовка» жолдарында қозғалысты ашу жоспарланып отыр», – деді С. Бармақов.

Бүгінгі таңда техниканың 8,6 мың бірлігі жұмылдырылса, ТББ 81 мың текше метрі, битумның 103 мың тоннасы, қиыршық тастың 6 млн текше метрі дайындалып, 11 млн текше метрді құрайтын жер кенептері, ұзындығы 27 шақырымды құрайтын жолға асфальт-бетон жабындысы төселді, 43 көпір мен 171 су өткізу құбыры орнатылған.

Комитет төрағасы атап өткендей,  автомобиль жолдары саласында қолданылатын жол-құрылыс материалдарының барлығы –  отандық өндіріс өнімдері. Бұл: инертті материалдар, битум, цемент, темір-бетон бұйымдары, химиялық қоспалардың (асфальтқа арналған  тұрақтандырғыш қоспалар) азғантай үлесі мен жасанды құрылымдардың жеке элементтерінен (деформациялық тігістер және болат конструкциялар)  басқа металл құрылымдар. 

 

«Наурыз айының соңында оңтүстік өңірлерде құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.

Ауа-райының қолайлы жағдайы орнағанда жұмыстар солтүстік өңірлерге қарай ауып, сәуір айының соңына дейін жолшылар барлық жобалар аясындағы құрылыс жұмыстарына кірісетін болады.

Құрылыс алаңдарының барлығында мамандарды короновирустан қорғауға қажетті шаралар қабылданды. Барлық қызметкерлер жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді», – деді ол.

Сондай-ақ, жергілікті жолдарды дамыту бағытында қандай шаралардың қолға алынғандығы жайлы айтылды. Еліміздегі мұндай жолдардың жалпы ұзындығы 70,9 мың шақырымды құрайды. 2020 жылы жергілікті жолдарды жөндеуге 259 млрд теңге қарастырылған. Жыл соңына дейін автомобиль жолдарының 4 мың шақырымын жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарланған. Бұл ретте ел өңірлерінде 350 жоба іске асырылып, жөндеу жұмыстарына 30,5 мың адам жұмылдырылады. Сондай-ақ, жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы жергілікті жолдардың үлесі 75% құрайтын болады. 

Жөндеу жұмыстары осындай қарқынмен жүргізілсе, 2025 жылға қарай жергілікті автомобиль жолдары желісінің 27 мыңнан астам шақырымы жөнделетін болады. Бұл өз кезегінде жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың үлесін 95% дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Автомобиль жолдары комитетінің төрағсы биыл республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу және аталмыш жолдарды күтіп ұстау шараларына 86 млрд теңгенің бөлінгендігін мәлімдеді.

Күрделі жөндеу жұмыстарымен жолдардың 440 шақырымы қамтылып отыр. Оның 62 шақырымы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Орташа жөндеу жұмыстарымен автомобиль жолдарының 1079 шақырымы қамтылған.

«Жол қозғалысының қауіпсіздігі мен автомобиль жолдарының қысқы кезеңнен кейін жақсы жағдайда сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Кешенді мақсатты бағдарлама аясында екі айлық жарияланды. Екі ай ішінде шұңқырларды жамау, жол белгілерін орнату және ауыстыру, сондай-ақ, жолдардың қозғалыс бөлігін таңбалау сияқты жұмыстардың жылдық көлемінің кем дегенде 60% орындалмақ. 

Аталмыш жұмыстар 15 сәуір мен 15 маусым аралығында еліміздің оңтүстік өңірлерінде, 1 мамыр мен 1 шілде аралығында  еліміздің солтүстік аймақтарында жүргізілетін болады»,  – дейді С. Бармақов.

Бүгінгі таңда Қазақстанда ұзындығы 682 шақырымды құрайтын ақылы 4 жол учаскесі бар: «Нұр-Сұлтан – Шучье», «Нұр-Сұлтан – Теміртау», «Теміртау – Қорғас», «Алматы – Қапшағай» жолдары.

Жолдарда төлем алу жүйесін алдағы уақытта да енгізу мақсатында 2019 жылы инвестициялық конкурстың қорытындылары бойынша «Computer Vision Technologies» ЖШС басқаратын  Консорциуммен 11 мың шақырым жолда төлем алу жүйесін орнату және оны күтіп ұстау жөніндегі келісімге қол қойылды. Жоба құны 138, 8 млрд теңгені құрайды. 

«Келісім аясында осы жылы реконструкциядан өткен ұзындығы 5,7 мың шақырымды құрайтын жолдарда (Қапшағай – Талдықорған, Орал – РФ шекарасы (Саратовқа), Шымкент – Өзбекстан шекарасы (Ташкентке), Қызылорда – Шымкент – Тараз, Тараз – Қайнар, Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы (Самара), РФ шекарасы – Ақтөбе – Қызылорда, Ақтау – Бейнеу, Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы, Нұр-Сұлтан – Павлодар, Павлодар – Семей – Қалбатау, Павлодар – РФ шекарасы (Омбы), Нұр-Сұлтан – Қостанай – РФ шекарасы) төлем алу жүйесі енгізіледі деп жоспарлануда. Жолдардың қалған 5,3 мың шақырымы қайта жаңарту жұмыстарынан өткен соң, 2024 жылға дейін ақылы болады», – деп мәлімдеді спикер.

Сондай-ақ, брифинг барысында жол бойында қызмет көрсететін нысандарға қатысты мәселе қозғалды. Бүгінгі таңда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында қызмет көрсететін 1815 нысан бар. Олардың 894-і (49%) Ұлттық стандарттың талаптарына сай.