
Астана халықаралық форумы аясында ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Тимур Қарағойшин Veolia (Франция), Metito (БАӘ) компаниялары мен IFC халықаралық қаржы корпорациясының өкілдерімен кездесті
Оның барысында комитет басшысыфранциялық Veolia компаниясының вице-президенті Филипп Гитардпенсу секторын дамыту, сондай-ақ жылу желілерін салу мен жаңғырту жобаларын бірлесіп іске асырудың перспективаларын талқылады.
Сонымен қатар ведомство басшысы Metito компаниясының басқарушы директоры Рами Гандормен өткен кездесудекәріз-тазарту жүйелерінің құрылысы және оны пайдалану бойынша ынтымақтастық мәселелерін пысықтады.
Бұл орайда аталған компанияның бизнес бөлімінің басшысы Адиба М Амин биыл ақпанда Дубайда өткізілген форумда Metito-ның қызметін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа таныстырғанынайта кетейік
Өз кезегінде Құрылыс және ТКШ істері комитетінің төрағасы шетелдік әріптестерге мемлекет-жекеменшік әріптестік тетігі арқылыеліміздегі КТЖ салу бойынша жобаларға қатысудың жолдарын түсіндірді.
Бұған дейін жоғарыда аталған компания өкілдері ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығының басшыларымен кездесіп, онда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жобаларын іске асыру бойынша өзара іс-қимыл перспективалары мен қанатқақты жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралдыҚазір бұл бағытқа сәйкес Көкшетау және Семей қалалары ұсынылып отырОблыс әкімдіктерімен тиісті келіссөздер жүргізілді
Бұдан басқа Тимур Қарағойшин IFC халықаралық қаржы корпорациясының өкілдерімен де кездесіп,қаржы институтына еліміздің тұрғынүй-коммуналды инфрақұрылымына инвестициятартуға сондай-ақ жеке инвестицияларды да ынталандырып, тұтастай Қазақстанның аталған бағыттағы инвестициялық тартымдылығын жақсартуға қызығушылық танытқаны үшін ризашылығын жеткізді