Қазақстан ӨСАБ стандартын енгізуде айтарлықтай жетістіктерге жетті

Қазақстан ӨСАБ стандартын енгізуде айтарлықтай жетістіктерге жетті

Өңдеу саласының ашықтығы бастамасы (ӨСАБ) халықаралық кеңесінің кезекті отырысында Қазақстанда валидация нәтижелеріне қатысты мәселелер талқыланды. Онда ӨСАБ стандарты талаптарына қол жеткізу үшін республикада жасалған үлкен жұмыстар ескерілді.

 

ӨСАБ Басқармасы шешімімен Қазақстан ӨСАБ-ты іске асыруда айтарлықтай жетістіктерге жеткені айтылды. Қазақстан елде алғашқы тексеру кезінде қабылданған 10 түзету әрекеттерінің 3-ін толығымен аяқтады.

Сондай-ақ, Қазақстан Үкіметі мен Мүдделі тараптардың ұлттық кеңесі «пайдалы қазбаларды өндіруге берілген лицензиялар туралы ақпараттың ашықтығын, пайдалы қазбаларды өндіруден түсетін пайда туралы мәліметтің сенімділін арттыруда және оның нәтижелерін бағалауда және бүгінгі күнгі ӨСАБ ендірудегі әсерін жақсартуда» деп қол жеткізілген нәтижелері атап өтілді.

Сондай-ақ, Басқарма Қазақстанның ӨСАБ бойынша есебін біртіндеп кеңейтіп, жергілікті қамту, әлеуметтік инвестициялар, мұнай мен газды тасымалдау туралы қосымша ақпарат алды.

ӨСАБ Басқармасы келісімшарттық міндеттемелерді қадағалау үшін мемлекеттік дерекқорға қолжетімділікті, лицензиялар мен геологиялық деректерді инвентаризациялауды енгізуді қамтитын мемлекеттік жүйелердегі өндіруші салалар туралы қаржылық мәліметтер мен басқа да ақпараттардың жариялануын жоғары бағалады.

Бұл жұмыс Қазақстанның ӨСАП-тың дербес есептерінен біртіндеп жүйелі және уақытылы тәсілге көшуін қамтамасыз етті. Дегенмен, жетістіктерге қарамастан, Басқарма ашықтықты нығайтуда бірқатар ұсыныстар жасады. Атап айтқанда, мемлекеттік кәсіпорындар, өндіріс туралы мәліметтер, әлеуметтік шығындар және пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар мен келісімшарттардың бенефициарлары туралы ақпараттың қоғамға ашық болу керектігі айтылған.