Биылғы бірінші тоқсанда теміржолмен тасымалданған жүк көлемі 2,1% артты

Биылғы бірінші тоқсанда теміржолмен тасымалданған жүк көлемі 2,1% артты

2020 жылғы қаңтар-наурыз айларында елімізде теміржол көлігімен 96,9 млн. тонна жүк тасымалданды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1% көп.

Жалпы алғанда, 2020 жылғы қаңтар-наурыз айларында транзиттік тасымалдардың жалпы көлемі 4,8 млн. тоннаны құрады, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1 млн. тоннаға немесе 26% жоғары.

Сондай-ақ, 2020 жылғы алғашқы тоқсанда контейнерлік тасымалдардың жалпы көлемі 149,30 мың жиырма пайыздық баламасын құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-наурыздағы көрсеткіштен 7% жоғары. Қытай-Еуропа-Қытай бағытында контейнерлер тасымалдау көлемі 76,3 мың жиырма пайыздық баламасын құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 11% көп.

Ал жолаушылар тасымалы көрсеткіші бұл кезеңде 8% төмендеп, 4,8 млн. адамды құрады. 

 

Анықтамалық:

Темір жол көлігімен 2020 жылғы наурызда 34,3 млн.тонна тасымалданып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,9% – ға артты (2019 жылғы наурыз-32,7 млн. тонна).

2020 жылдың наурыз айында транзиттік тасымалдардың жалпы көлемі 2 млн. тоннаны құрады, бұл 2019 жылдың наурыз айындағы көрсеткіштен 0,8 млн. тоннаға немесе 67% жоғары. (1,2 млн. тонна).

2020 жылғы наурызда контейнерлік тасымалдардың жалпы көлемі 62,2 мың ЖПБ құрады, бұл 2019 жылғы наурыздағы көрсеткіштен (ЖПБ 45,2 мың) 17 мың ЖПБ-ға немесе 38% жоғары.

Бұл ретте, Қытай-Еуропа-Қытай бағытында контейнерлерді тасымалдау көлемі 32,4 мың ЖПБ құрады, бұл 2019 жылғы наурыздағы көрсеткіштен (ЖПБ 23,4 мың) 9 мың ЖПБ -ға немесе 38% - ға жоғары.