Электронды аукцион өткізудің мерзімін ауыстыру жөніндегі ХАБАРЛАМА

Электронды аукцион өткізудің мерзімін ауыстыру жөніндегі ХАБАРЛАМА

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және инвесторлар үшін тең жағдай жасау мақсатында ҚПҚ бойынша жер қойнауын пайдалану саласындағы функцияларды, оның ішінде электронды аукциондар өткізу бойынша автоматтандыру жұмыстарын жүргізуде.

Аталған мақсаттар үшін «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске және басқа да нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар, тиісті ақпараттық жүйені дайындау жұмыстары жүргізілуде.

Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 26 мамырына жоспарланған 25 кен орны бойынша аукцион өткізу мерзімі ағымдағы жылдың қазан айына ауыстырылады (күні мен уақыты қосымша хабарланатын болады).

Сұрақтар туындаған жағдайда осы номерлерге 983-423, +77028273430 Дүйсенов Әлихан Ерболатұлы, 983-421 Алдонғаров Бақытжан Тайжанұлына хабарласуыңызға болатынын хабарлаймыз.