
Бүгін бейнеконференция режімінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Түрік Республикасының Ұлттық қорғаныс министрінің орынбасары - Қорғаныс өнеркәсібі комитетінің төрағасы Исмаил Демирмен кездесу өткізді. Әңгіме барысында әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері және Қазақстанда медициналық бұйымдар өндірісін ұйымдастыру жайы талқыланды.