Күрткелер, белсенді демалысқа арналған киімдер мен мектеп формалары: Қостанай фабрикасы жылына 100 мыңнан астам бұйым шығарады

Күрткелер, белсенді демалысқа арналған киімдер мен мектеп формалары: Қостанай фабрикасы жылына 100 мыңнан астам бұйым шығарады

Қостанай өңіріндегі "Большевичка" фабрикасы - Қазақстанның ең көне кәсіпорындарының бірі. 1942 жылдың 25 ақпанында Қостанай қаласына майдан маңындағы өңірлерден 6 өнеркәсіптік кәсіпорын көшірілді. Соның бірі Украинаның Херсон қаласынан көшірілген "Большевичка" тігін фабрикасы болды. Сондай-ақ, аймаққа инженерлер, техниктер және кәсіпорынның көптеген қызметкерлері қоныстанды.

 

Бүгінде фабрика ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті сияқты мемлекеттік органдарға, "Самұрық Қазына" АҚ еншілес компаниялары, коммерциялық ұйымдар мен өңір тұрғындары үшін киім тігуге мамандандырылған. Фабриканың өндірістік қуаты жыл сайын артып келеді. Мысалы, қазір "Большевичка" жылына 100 мыңнан астам өнім шығарады, ал компанияның айналымы 2018 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті.

 

Мектеп оқушыларының басты атрибуты – мектеп формасы екені белгілі. Қазір ата-аналардың басым бөлігі мектеп киімін таңдау барысында отандық өнімдерге жүгінетін болған. Қостанай фабрикасы да бұл бағытта жұмыс істейді. Сәнді, ыңғайлы киімдері аймақтың осы өнімге деген сұранысын толығымен жабады. "Большевичкадан" шығатын мектеп формасының басты ерекшелігі - тігіншілердің түрлі дизайнерлік үлгілерді кеңінен қолданатынында. 

 

Сондай-ақ, кәсіпорында кеудешелер, күртешелер, белсенді демалуға арналған киім, балық аулау, аң аулау және маусымдық күртешелер шығарылады. Тауардың сапалы әрі бағасының қолжетімді болуы маңызды. Бүгінгі таңда көп адам отандық өндірушіні таңдайтынын ескерсек, "Қостанайда жасалған" бренді қайта таныла бастағанын айтуға болады.

 

Өнімді өндіру кезінде қоспалық және мақта маталары, DuPont және Indura жоғары технологиясы бар маталар қолданылады. Бронежилеттерді шығару үшін жоғары баллистикалық қасиеттері жоғары маталар қолданылады. Ал металлургтер үшін алюминийленген маталар қолданылады.

 

Ал қазіргі уақытта фабрика негізгі өндірістен бөлек, қорғаныс бетперделерін тігумен айналысады. Елімізде төтенше жағдай режимі енгізілген сәттен бастап фабрикада 200 мыңнан астам бетперде шығарылды. Ол жергілікті дәріханалар мен ауруханаларға, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдеріне жіберілді. Сонымен қатар, зауыт қызметкерлері жергілікті тұрғындарға 10 мыңнан астам бетперде таратты.

 

Бүгінде фабрикада 250-ден астам адам еңбек етеді. Жақын арада "Большевичка" фабрикасы спорттық киімдердің жаңа үлгісін шығаруды жоспарлап отыр.

 

Мекенжайы: Қостанай қ., Әл-Фараби даңғылы, 117 үй

8 (7142) 54 24 14

8 (7142) 53-05-85

bolshevichka2007@rambler.ru

fabrika-kz@mail.ru