
Еліміздің өңірлерінде жаңа Құрылыс кодексінің жобасын талқылау бойынша, сондай-ақ E-Qurylys ақпараттық жүйесін енгізу жөніндегі түсіндіру жұмыстары жалғасып келеді
Бұл кездесулер ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетініңҚазақ Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты АҚ өкілдерінің,сонымен қатаржергілікті атқарушы органдар мен бизнес-қауымдастықтардың жәнеқұрылыс сарапшыларының қатысуымен өткізіліп жатқанын айта кетейік. Осы уақытқа дейін жұмыс тобы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, АтырауШығыс Қазақстан, және Абай облыстарының халқымен кездесіп, қолға алынған реформада көзделген жаңашылдықтар жөнінде айтып берді. Мұндай форматтағы кездесулербарлық өңірді қамтып, қоғамдық талқылаулар маусым айына дейін жалғаспақ
Бұл ретте жаңа Құрылыс кодексінің жобасы 43 тарау мен 260 баптан тұратынын айта кеткен орынды. Заңнамалық өзгеріс құрылыс секторындағы өзекті мәселелерді реттеп, жетілдіруге септігін тигізеді. Бұдан басқа аталған заң маман тапшылығы, тиімсіз бақылау, құрылыс сапасының төмендеуі, қоршаған орта мен адамның денсаулығына зиян келтіру жәнебасқа да өзекті мәселелерді шешуге оң әсер етеді.
Ал осы бағытта ақпараттық жүйені енгізу құрылыс сапасы мен жұмыс процесінің ашықтығына жол ашадыМұндай пікірді заң жобасының әзірлеушілері ұстанып отыр. Өйткені E-Qurylys– құрылыс саласындағы даму үрдісін белгілейтін жаңа бағыт. Цифрлы жоба ғимараттар мен нысандар құрылысының сапасын бақылауды күшейту үшін әзірленгенмемлекеттік ақпараттық жүйе.