Сұрақ сізден - жауап бізден!

Сұрақ сізден - жауап бізден!

QazIndustryҚазақстандық индустрия және экспорт орталығыкөрсететін қызметтергеқатысты азаматтарданкөптегенсұрақтүсіп жатқандықтан ұйымның Стратегиялық жоспарлау және коммуникациялар дирекциясы «Сұрақ сізден - жауап бізден!» айдары арқылы көкейкесті сауалдарға жауап беруді ұйғарды. Бұл ретте жолданатын сұрақтарға сарапшылар жауап қайтарып, әр мәселені тарқатып түсіндіретінін айта кеткен орынды.  

Осы жолы отандық өнеркәсіпке көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары жөніндегі өзекті сұрақтарға «QazIndustry Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ Бизнесті ынталандыру дирекциясының басшысы Арстанбек Сағиевжауап береді.  

 

1.Өнеркәсіпті мемлекеттік тұрғыда ынталандыру дегенді тарқатып айтып берсеңіз және оныңкәсіпорындарға қандай тиімділігі бар

Өнеркәсіп кәсіпорындарын мемлекеттік ынталандыруотандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетіп,еңбек өнімділігін арттыруға арналған мемлекеттен ұсынылатын шаралар пакеті

Кәсіпорындар мемлекеттің көмегімен белгілі бір шығындарды өтеу арқылы, мысалы өз қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттырып, өндірістегі технологиялық процестерді жетілдірудің нәтижесінде(цифрлы технологияларды енгізу арқылы) шығаратын тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді ішкі нарыққа ұсына алады.

Бұл амалдың барлығы отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін күшейтіп,елішілік құндылықты арттыруға ықпал етуі тиіс

Өз кезегінде мемлекет бизнестіқаржылай және басқа да қолдау тетіктері арқылы ынталандырып, әлеуметтік-экономикалық және өзге де көрсеткіштердің жақсаруын күтеді

 

  2.Qazindustry тарапынан мемлекеттік ынталандыру шараларының қандай түрлері ұсынылып отыр

Біз кәсіпорындарғаекі негізгі бағыт бойынша шығындардың бір бөлігін өтеуге жәрдемдесе аламыз. Атап айтқанда,өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерінің еңбек өнімділігін арттыру мен өнімдер, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетуге жұмсалған шығындар

Жеке тізбектейтін болсақ, біріншіден өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындардың бір бөлігін өтеуүшін қажетті өтінішті жолдауға хақылы. Мұндай шығындардың төрт түрі өтеледі

- қызметкерлердің құзыреттілігін нығайтуға арналған

- технологиялық процестерді жетілдіруге жұмсалған

- өндірісті ұйымдастыру тиімділігін арттыруға бағытталған

- цифрлы технологияларды енгізуге байланысты шығындар

Мемлекет аталған шығын түрлері бойынша күнтізбелік жылға сәйкес30-дан 60 млн теңгеге дейін аралықта жалпы соманың40%-на дейін өтей алады

Екіншіден,өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығаратын тауарларды, жұмыстарды және көрсететін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілету бойынша шығындарды өтеуге өтініш беруге құқылы. Бұл шығарылатын өнімге сертификат алу мен зертханалық сынақтар жүргізуге, оның ішінде сынақ нәтижелерін сараптауға сертификаттарды тіркеу мен т.б. шығындарға қатысты болуы мүмкін. Мұндай жағдайда мемлекет шығындардың 50%-на дейін өтей алады. Алайда ол 3 мың АЕК-тен аспауға тиіс.    

Сондай-ақбағдарламалық қамтамасыз етуімен бірге сәйкестендіру құралдарын алуға арналған жабдықты сатып алу үшін жұмсалған шығындарды өтеу жолдары қарастырылған Мысал ретінде аяқ киім өнімдерін таңбалау жабдықтарын айтуға болады. Бұл жағдайда да мемлекет шығындардың 50%на дейін өтей алады. Бірақоның мөлшері 10 мың АЕК-тен аспау қажет.    

 

3.Шығынды өтеуге байланысты мемлекеттің қаржылай қолдауын иелену үшін қандай талаптар қойылады?

Біріншіден, бұл отандық тауар өндіруші болуға тиіс.

Екіншіден, кәсіпорын шығаратын өнім түрлеріҚР ИИДМ-нің 2022 жылдағы 30 мамырдағы №306 бұйрығында бекітілген басым тауарлар тізбесіне сай болу қажет

Үшіншіден, кәсіпорынның өтініш берген уақыттағы салықтар, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болмау керек

Төртіншіден, бизнес субъектісі әділет органдарында тіркелген күннен бастап операторға өтініш түскен күнге дейін кемінде бір күнтізбелік жыл өтуге тиіс.

Осы ретте акцияларының 50%-на және одан да көп үлесіне ие тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық холдинг пен ұлттық компанияға тиесілі субъектілер мемлекеттік ынталандыру шараларын пайдалана алмайтынын ескерте кеткен жөн

 

4. Мемлекеттік ынталандыру қызметтерін алу тәртібі қандай әрі оған қандай құжаттар қажет?

2020 жылдың 26-шы наурызынан бастап өтініштер мен құжаттарды қабылдау www.qazindustry.gov.kzпорталы арқылы электронды түрде жүзеге асырылып жатыр

Өтініш беру үшін порталға тіркелу қажет, ал осы құжатқа қол қою үшін – электронды цифрлы қолтаңба кілті болуға тиіс. Сондай-ақ аталған платформа арқылы Synergy Agent бағдарламасын жүктеп, орнату керек

Өтініш беру үшін қажетті құжаттардың тізбесі және оларды дайындау бойынша қадамдары көрсетілген нұсқаулық www.qazindustry.gov.kz сайтында орналастырылған(«бизнесті қолдаубөлімі). Сол бөлімдеөтініш беру»батырмасы бар.

Өтінішдерді қабылдау жыл бойы жүргізіледі.

Мемлекеттік ынталандыру шаралары туралы 8 (7172) 79 33 90 (ішкі – 444) байланыс телефоны арқылы хабарласып, толық ақпарат алуға болады.

 

5Мемлекеттік ынталандыру қызметтерін иеленген кәсіпорындардан қандай да бір қайтарым талап етіле ме?

Әрине, қажетті көмек көрсету арқылы мемлекет кәсіпорындардан белгіленген міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы, оның аясында әлеуетті өтініш беруші мемлекет салған бір теңгеден табыс көлемін кемінде екі теңгеге дейін ұлғайту жөніндегі міндеттемені өзіне алады.

Мысалы, кәсіпорын 30 млн теңге көлемінде өтемақы алған жағдайдаекі жыл ішінде бұл соманы 60 млн теңгеге дейін ұлғайтуға тиіс.

Осы қарсы міндеттемелер орындалмаған жағдайда кәсіпорын қол жеткізген көрсеткіштеріне сай келетін өтемақы сомасын қайтару қажет

Бұл орайда өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарыққа ілгерілетіп, еңбек өнімділігін арттыруға басымдық берген отандық өнеркәсіп кәсіпорындарымемлекеттік қолдау шараларын пайдалана алатынын айта кетейікМұндай қолдауды қазір «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ көрсетіп келеді