ҚР ИИДМ қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты

ҚР ИИДМ қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты

Еліміз бойынша қолға алынған «Жасыл Астана» экологиялық айлығы аясында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысып, қоршаған ортаны сақтауға өз үлестерін қосты.

Тазалық акциясына ведомствоның басшыларынан бастап, тұтастай барлық комитет пен департаменттің қызметкерлері қалыс қалмай қатысқанын айта кетейік. Мәселен, министрлік өкілдері елорданың көрікті жерлерінің біріне айналған ботаникалық саябақтың аймағын тұрмыстық және өзге де қалдықтардан тазалап, астаналықтардың жиі серуендеп тынығатын қоғамдық орынды көркейтуге атсалысты.

Бұл орайда ҚР ИИДМ-нің ұжымы бас шаһардың тұрғындары мен қала қонақтарын қоғамдық жерлерде тұрмыстық қалдықтарды қалдырмай, тазалықты барынша сақтауға шақырды. Тұтастай алғанда, ведомствоның қызметкерлері экологиялық іс-шараларға жиі қатысып, еліміздің табиғатын сақтауға өз үлестерін қосып жүргенін айта кеткен орынды.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі