ҚР ИИДМ НАЗАР АУДАРАДЫ! Суға батқан мүлікті аластау қағидалары күшіне енді

ҚР ИИДМ НАЗАР АУДАРАДЫ! Суға батқан мүлікті аластау қағидалары күшіне енді

Бүгін, 2023 жылғы 21 сәуірде Қазақстан Республикасында суға батқан мүлікті аластау ережелері күшіне енеді.

Ереже ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 5 сәуірдегі №217 бұйрығымен бекітілген.

Қағидалардың мақсаты - суға батқан мүлікті оның меншік иесінің не Қазақстан Республикасы теңіз порттары әкімшілігінің жою тәртібін белгілеу жолымен теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Суға батқан мүлікті аластау тәртібі:

- қауіпті айқындауды,

- кеме тіркелген мемлекеттің уәкілетті органын және батып кеткен кеменің меншік иесін хабардар етуді,

- батып кеткен мүлікті жою жөніндегі құжаттаманы әзірлеуді,

- батып кеткен мүлікті жою мерзімін белгілеуді қамтиды.

Батып кеткен мүлікті жою жөніндегі құжаттамада батып кеткен мүлікті жою тәсілі мен құралдарының сипаттамасы, іс-әрекеттердің реттілігі және оларды жүргізу қауіпсіздігіне қойылатын талаптар қамтылады.