Жаңғырту: «Maker –Қарағанды құю-машина жасау зауыты» ЖШС - импортты алмастыратын ірі машина жасау кәсіпорны.

Жаңғырту: «Maker –Қарағанды құю-машина жасау зауыты» ЖШС - импортты алмастыратын ірі машина жасау кәсіпорны.

Зауыт тарихы 1941 жылдан басталады. "Қарағандышахтострой" тресті негізінде металл құрылымдар, қосалқы бөлшектер, болат, шойын, сондай-ақ тазарту және ұңғылау комбайндарын, механикаландырылған кешендер, тау-кен шахталық жабдықтарды жөндейтін Қарағанды зауыты құрылды.

2000 жылы зауыт «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалы "Қарағанды құю-машина жасау зауыты" болып өзгертілді.

2015 жылдан бастап «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС құрамынан шығып, жеке заңды тұлға - «Maker» ЖШС»-«Қарағанды құю-машина жасау зауыты»  құрылды.

 «Өнімділік 2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «ҚДБ-Лизинг» АҚ арқылы 2015-2018 жылдар аралығында «Maker» ЖШС-«Қарағанды құю-машина жасау зауыты» жаңғыртудан өтті. Жобаның жалпы құны 11,2 млрд. теңгеден астам, оның ішінде өз қаражаты - 1,9 млрд. теңге.

Бүгінгі таңда бұл - Қазақстандағы СББ станоктардың ең ауқымды паркі бар, озық технологияларды, құралдарды және виртуалды ортада өңдеуді толық модельдеумен компьютерленген конструкторлық-технологиялық өнімдерді пайдаланып,   механикалық өңдеудің кең ауқымын қамтитын әмбебап үлгідегі импорт алмастыратын ірі машина жасау кәсіпорны.

Зауыт өңдеудің барлық кезеңдерінде Renishaw датчиктерін пайдаланып, станокта бөлшектерді өлшей және импорттық кескіш құралды қолдана отырып, жоғары жылдамдықты және жоғары дәлдікті өңдеуді қолданады. SIEMENS NX, Teamcenter бағдарламалық өнімдері базасында өндірісті конструкторлық және технологиялық дайындаудың бірыңғай жүйесін пайдаланады. Құрал ұзындығын анықтау үшін zollerd өлшеу машинасын пайдаланады. Кәсіпорында металдардың барлық түрлері өңделеді.

«Maker» ЖШС-КЛМЗ түрлі жабдықтар, металл конструкциялары мен сериялық қосалқы бөлшектер шығарады. Металл кесетін станоктар, дәнекерлеу роботтары, дайындау, пресс, газ кесу және ию жабдықтарын пайдалана отырып, жабдықтарды күрделі жөндеуден өткізеді.

Зауыт 2019 жылдың қорытындысы бойынша 6.3 млрд.теңгеден астам сомаға өнім өндірді.