
Алдағы 21-ші сәуірде Уәкілетті органға қарасты кәсіпорын көрсететін қызметтер мен жұмыстардың көлемі және құнын айқындау жөніндегі әдістеме күшіне енеді (ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылдың 31 наурыздағы №199 бұйрығымен бекітілген).
Аталған әдістеме ҚР ИИДМ-не бағынышты «Қазақстан су жолдары» кәсіпорны көрсететін қызметтер мен жұмыстардың ақысын қалыптастырудағы ашықтықты қамтамасыз ету үшін қабылданды.
Мәселен, мемлекеттік тапсырманың аясында кеме қатынасы саласында қауіпсіз су жолдары мен кеме жүретін шлюздермен қамтамасыз ету үшін кәсіпорын көрсететін қызмет пен жұмыстардың көлемін, сондай-ақ құның анықтаудың тәртібі регламенттеледі.
Кәсіпорынның ұсыныстарын ескере отырып, министрлік ақылы жұмыстар мен қызметтердің бағасын, оның ішінде жол жұмыстарын жүргізу, кемелерді техникалық куәландыру, шлюздеу, кемелер қозғалысын басқару жүйелері мен оларды жасап, жөндейтін кәсіпорындарды мойындау жөніндегі қызметтерге дейін белгілемек.