ҚР ИИДМ басшысының орынбасары Қазақстан-Әзірбайжан үкіметаралық комиссиясының отырысына қатысты

ҚР ИИДМ басшысының орынбасары Қазақстан-Әзірбайжан үкіметаралық комиссиясының отырысына қатысты

Баку қаласындаҚазақстан-Әзербайжан сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының XIX-шы отырысы өткізілді

Аталған жиынның негізгі арқауы көлік саласындағы өзара тиімді әріптестіктікті дамытуға арналды.Мәселен, Транскаспий халықаралық көлік маршрутының (ТХКБ) әлеуетін күшейтіп, ынтымақтастықты кеңейту, ӘзербайжанҚазақстанӘзербайжан, сондай-ақ осы мемлекет арқылы транзитпенҚазақстанТүркия/ЕуропаҚазақстан бағытында интермодальды теміржол жүк тасымалдарының көлемін ұлғайту жолдары пысықталды

Тараптар Баку декларациясын, сонымен бірге2022-2027 жылдарыТХКБ дамыту мен Әзербайжан, Түркияжәне Қазақстан аумағында «тар шеңберлі» жерлердіүйлесімді жоюға арналған Жол картасын шұғыл іске асыруға мүдделі екендерін әрі оның маңыздылығын атап өтті.

Бұл орайда осы отырыстың жұмысына ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов қатысып, бауырлас елдердің көлік-логистика саласындағы іскерлік байланысының нәтижелері мен перспективалары туралы баяндама жасағанын айта кету керек

Сонымен қатар ҮАК-ның аясында теңтөрағалардың екіжақты кездесуі өтіп, оның барысында транзитті  жүк автотасымалы бағытында рұқсат беру жүйесінің мәселелері, екі елдегі порттардың мүмкіндіктері, сондай-ақ көлік дәліздерін арттыру перспективалары талқыланды.