Тұрғын үй саласын басқару органдарының жұмыс орнынан міндетті түрде анықтама беруі туралы

Тұрғын үй саласын басқару органдарының жұмыс орнынан міндетті түрде анықтама беруі туралы

«Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығымен азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау және коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше жағдай енгізілді.

«Төтенше жағдай туралы» ҚР Заңының 3-3-бабына сәйкес әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мақсатында тұрақты жұмыс істейтін республикалық және өңірлік (облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана) жедел штабтар құрылады.

Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі мемлекеттік орган - жергілікті атқарушы орган.

Өз кезегінде, жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметін жүзеге асыратын жедел штабтар құрады.

Төтенше жағдай кезінде жедел штабтар ерекше қажеттілік туындамаса қала бойынша адамдар мен көліктің жүріп-тұруына, қала тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті жағдайларды қоспағанда, барлық ұйымдар мен кәсіпорындар жұмысын тоқтата тұруға шаралар мен уақытша шектеулер енгізді.

Тұрғын үй қорын және коммуналдық объектілерді басқару саласындағы басқару органдары қызметтерін жүзеге асыру қызметінің тиісті жұмыс істеуінің бұзылуына жол бермеу мақсатында жұмыс беруші міндетті түрде тиісті тұлғаға тұрғылықты жерінен жұмыс орнына дейін және кері қарай жүріп-тұруы үшін жұмыс орнынан ұйым атауын, БСН/ЖСН, қызмет түрін, жұмыс берушінің (ұйым басшысының) немесе кадрлар бөлімі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты мен байланысын, тұрғылықты жерін көрсете отырып анықтама беруге міндетті. Карантин енгізілген жағдайдағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау міндетті.

Көппәтерлі тұрғын үйге қызмет көрсету бойынша апаттық-техникалық жағдайлар туындаған кезде көрсетілген қызметтердің жұмыскерлеріне жұмыс орнынан анықтамасы болса еңбегімен айналысуына рұқсат беріледі.