ҚР ИИДМ геологтарды кәсіби мерекелерімен құттықтайды

ҚР ИИДМ геологтарды кәсіби мерекелерімен құттықтайды

Құрметті геологтар!

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Сіздерді Геолог күні - кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтайды!

Сіздер адал еңбектеріңізбен Қазақстанның минералдық-шикізат базасын кеңейтуге қомақты үлес қосып, жер қойнауын пайдалану саласына инвестиция тартюфы ынталандырып, сол арқылы елдің өнеркәсіптік әлеуетін қалыптастыра отырып, қазақстандықтардың экономикалық дамуы мен өркендеуі үшін үлкен үлес қосып жүрсіздер.

Қазақстанда жаңа кен орындарын ашудың болашағы зор, сондықтан сіздер сияқты романтикалық және күрделі кәсіптің мамандарын алдағы уақытта жаңа белестер, жаңа міндеттер мен жеңістер күтуде.

Сіздердің кәсіптеріңіз терең білім мен тәжірибені ғана талап етпей, туған жерге ерекше ықылас танытуды, күнделікті өмірде табандылықты, шыдамдылықты, берік ұстанымды қажет етеді.

Сіздерге қажырлы еңбектеріңіз, өз істеріңізге деген адалдықтарыңыз үшін алғысымды білдіремін!

Күш-жігерлеріңіз, кәсіби шеберліктеріңіз, алға қойған мақсаттарыңыз еліміздің өркендеп-өсуіне үлес қосатынына сенімдімін. Сіздерге зор денсаулық, амандық, бақыт пен береке, геология саласында үлкен жетістікке жетуге тілектеспіз!