
Ағымдағы жылыту маусымына дайындық басталғалы, яғни 2019 жылдың 1 мамырынан және ағымдағы жылдың 31 наурызына дейінгі жағдай бойынша, Қазақстан ішінде теміржол көлігімен 68,4 млн. тонна көмір тасымалданды. Бұл жылыту кезеңіне арналған жоспардың 101% тең.
Бүгінгі таңда қазақстандық операторлардың теңгерімінде 58 мыңнан астам жартылай вагон бар. Ол вагондардың негізгі үлесі келесі меншік иелеріне тиесілі:
"Қазтеміртранс" АҚ - 49,8% (29 297 бірлік)
"Транском" ЖШС - 12,1% (7 114 бірлік).
Қазіргі уақытта жылыту маусымына көмір тасымалдауға барлық меншік иелерінің 30 мыңнан астам жартылай вагоны тартылған, оның ішінде "Қазтеміртранс" АҚ-ның 14 мыңға жуық жартылай вагоны (60%) бар.
Жүк жөнелтушілерді вагондармен, әсіресе әлеуметтік маңызы бар жүктерді (көмірді) тасымалдау үшін уақытылы қамтамасыз ету мәселесі Министрліктің тұрақты бақылауында.