ИИДМ қызметкерлері SDU-да үлкен деректермен жұмыс істеу бойынша оқудан өтті

ИИДМ қызметкерлері SDU-да үлкен деректермен жұмыс істеу бойынша оқудан өтті

А.ж. 15 наурызында «ҰАТ» АҚ өкілдері SmartDataUkimet (SDU) құралдарымен және деректермен жұмыс істеуге қатысты ИИДМ-де оқыту-семинар өткізді.

Оқыту барысында Министрліктің қызметкерлеріне SDU-ның техникалық мүмкіндіктері көрсетіліп, нормативтік талаптар, сондай-ақ SDU-ның мақсаттары мен міндеттері айтылды.

SDU әлеуметтік-экономикалық процестерді талдау, модельдеу және болжау арқылы орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған үлкен деректердің бірыңғай кеңістік екенін естеріңізге саламыз .

Қазіргі уақытта ИИДМ тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға қатысты SDU базасында кейс әзірленуде, бұл әртүрлі ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді талдау арқылы тұрғын үй саясаты үшін жаңа цифрлық тәсілдерді әзірлеуге, кезекте тұрғандарды түгендеуге, сондай-ақ азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін анықтауға және тиісті мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, басқа мүдделі мемлекеттік органдар одан әрі пайдалану мақсатында Министрлік өз салалар бойынша есептік деректерді SDU-ға тұрақты негізде енгізуде.