
Пайдалы қазбалардың жалпы таралған түрлері өндіруге арналған 185 жаңа объектілермен толықтырылды
Геологиялық барлау үшін салалық қамтылуды қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын сақтау, оның ішінде шағын және орта юниорлы компанияларда жаңаларын құру мақсатында Министрлік Энергетика министрлігімен бірлесіп қатты пайдалы қазбаларды (ҚПҚ) барлау үшін қосымша 102 435 мың блоктарды қосу туралы бұйрық («Жер қойнауының мемлекеттік қорын басқару бағдарламасы туралы» ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 маусымдағы №478 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР ИИДМ бұйрығы) бекітілді.
137 учаске қосылды, ол 102 435 блокты құрайды, әр блоктің аумағы 2 кв. км. тең.
Бұйрықта жер қойнауын мемлекеттік басқару бағдарламасына енгізілген барлық блоктар (ЖҚМББ) атаулары көрсетілген, олармен «Жер қойнауын пайдалану құқығын беру» немесе ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитетінің Интерактивті картасының қосымша парағынан ҚР ИИДМ сайтынан танысуға болады.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» ҚР Кодексіне сәйкес, ҚПҚ барлауға жаңа учаскелер бойынша түскен өтініштер, оларды қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде, яғни 2020 жылғы 25 мамырдан бастап 1 ай ішінде қаралатын болады (Буферлі ай) және бірдей басымдығы болады. Олар бойынша, салынған жағдайда аукцион жарияланатын болады.
Буферлік ай аяқталысымен ҚПҚ барлауға арналған лицензияларды беру жөніндегі барлық өтініштер кезек-кезек бойынша Өтініштердің түсуі бойынша қаралатын болады. Осындай блоктардың барлығы, 300 мыңнан астам болады.
Бүгінгі күні 600 астам лицензия берілді, олар бойынша міндеттемелер қол қойылған бонус төлемінен, әлеуметтік )жалдау төлемдерінен), геологиялық барлау жұмыстарын инвестициялау бойынша талаптардың орындалуынан, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланудан шегетін салдарларды жою жөніндегі қамтамасыз етуді енгізуден көрінеді.
Қол қойылатын бонус
|
Атауы |
Мөлшерлеме (АЕК) |
|
Барлауға арналған лицензия |
100 |
|
Өндіруге арналған лицензия |
50 |
Жер учаскелерін пайдалануға арналған төлем (жалдау төлемі)
|
Кезең |
АЕК төлеу мөлшерлемесі |
|
1-3 жылда барлауға арналған лицензияның қолданысы 1 блок үшін |
15 |
|
4-5 жылда барлауға арналған лицензияның қолданысы 1 блок үшін |
23 |
|
6-7 жылда барлауға арналған лицензияның қолданысы 1 блок үшін |
32 |
|
7 жылдан астам блок үшін |
60 |
|
Өндіруге арналған лицензия 1 км2 үшін |
450 |
Барлау операцияларының ең аз шығыстары
|
Лицензияның қолданыс кезеңі |
Ставки платы в МРП |
|||
|
1 блок үшін |
2-ден 5 дейінгі блоктар |
6-дан 10 дейінгі блоктар |
Әр блок үшін қосымша 10 блоктан артық |
|
|
1-3 жыл |
1200 |
1800 |
2300 |
120 |
|
4-6 жыл |
1200 |
2300 |
3500 |
180 |
|
7-8 жыл |
1800 |
3500 |
5800 |
230 |
|
9-10 жыл |
2300 |
5800 |
8000 |
350 |
|
11 астам |
3500 |
8000 |
11500 |
460 |
Бұдан басқа, Бұйрыққа пайдалы қазбалардың жалпы таралған түрлерін өндіру аумақтары қосылған, атап айтқанда 185 объект, олар бойынша лицензиялар беру Бұйрықты жергілікті атқарушы органдар бекіткен сәттен басталады.