Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантинге байланысты автомобиль көлігімен тасымалдауды тоқтату туралы 

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантинге байланысты автомобиль көлігімен тасымалдауды тоқтату туралы 

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясының 2020 жылғы 17 наурыздағы № 2 шешімі бойынша 2020 жылғы 22 наурыз күнгі сағат 00:00 бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына/қалаларынан автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдау тоқтатылады.  

Осыған орай облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері құзіреттеріне сәйкес аталған қалалар бағытында автомобиль көлігінің барлық түрімен жолаушылар тасымалдауды тоқтатуды қамтамасыз етуі тиіс.     

Жолаушыларды транзиттік тасымалдау Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары аумағына кірмей жүзеге асырылады.

Бірақ, бұл тыйым жүк автокөлік құралдарымен жүк тасымалдауға таралмайды.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясының 2020 жылғы 16 наурыздағы шешіміне сәйкес Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Моңғолиямен арада автомобиль көлігінің барлық түрімен екіжақты жолаушы және жүк тасымалдау, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жолаушылар тасымалдау тоқтатылды.    

Халықаралық қатынастағы жүк автокөлік құралдарымен жүк тасымалдауға бұл тыйымның қатысы болмайды.