ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев «Ресей мыс компаниясы» АҚ-ның президенті Всеволод Левинмен кездесті.
Кездесу барысында тау-кен металлургия саласындағы жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Ведомство басшысы М.Қарабаев ресейлік компанияға мыс балқыту зауытының құрылысын іске қосу қажеттігін атап, сондай-ақ жоғарыда аталған мәселені шешу үшін шаруашылық қызметті жүзеге асырудың ерекшеліктеріне байланысты үкіметаралық келісім жөнінде ұсыныс жасады.
Өз кезегінде В.Левин Ақтөбе облысындағы ресейлік мыс компаниясының өндірістік қызметі туралы, сондай-ақ Жетісу облысындағы «Көксай», Абай облысындағы «Айдарлы» кен орындарындағы жобаларды іске асыру туралы айтып берді. Жоғарыда аталған ынтымақтастық мәселелерін жан-жақты талқылау үшін тараптар жақын арада тағы бір мәрте кездесуге уағдаласты.