ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жаңа уақытша жұмыс тәртібі туралы

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жаңа уақытша жұмыс тәртібі туралы

         Әлемдегі коронавирус инфекциясы бойынша күрделі эпидемиологиялық жағдайға, Қазақстанда инфекция тіркелу оқиғаларына байланысты және коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Министрлік:

         «Transport tower» әкімшілік-технологиялық кешені ғимаратына кіруге шектеу қойылғанын;

         жоспарланған барлық кеңестер шегерілгенін;

         Министрліктің жауапты қызметкерлерінің азаматтарды қабылдауы уақытша тоқтатылғанын хабарлайды. 

         Бос немесе уақытша бос әкімшілік мемлекеттік қызметтерге орналасуға жарияланған байқауларға қатысуға ниет білдірген азаматтардың құжаттары 1-қабатта («Transport tower» әкімшілік-технологиялық кешені ғимаратының № 5, 6 және 7 есіктер) қабылданады.    

         Бос немесе уақытша бос әкімшілік мемлекеттік қызметтерге орналасудың конкурстық шаралары аясында әңгімелесу 1-қабатта жүргізіледі.

         Оған қоса, басшылықтың тапсырмасына сәйкес Министрлік қызметкерлерінің көпшілігі қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшірілді. Уақытша қолайсыздықтар туындаған жағдайда түсіністікпен қарауды сұраймыз.