02.02.2020 Роман Скляр және Бейбіт Атамқұлов "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ және «QazIndustry» АҚ Директорлар Кеңесінің құрамына сайланды

02.02.2020 Роман Скляр және Бейбіт Атамқұлов "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ және «QazIndustry» АҚ Директорлар Кеңесінің құрамына сайланды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №996 қаулысын орындау үшін экономиканың жетекшілік ететін салаларындағы саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Роман Васильевич Скляр және Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» және «Qazaqindustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» акционерлік қоғамдарының директорлар кеңесінің құрамына сайланды.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы болып табылатыны белгілі, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жобалауды, салуды, қайта жаңартуды, жөндеуді және күтіп ұстауды ұйымдастыру және ақылы автомобиль жолдарының қызметін ұйымдастыру жөніндегі өкілеттіктер берілген.

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ негізгі даму институты, мемлекеттік қолдау шараларының бірыңғай операторы болып табылады, оның қызметінің негізгі мақсаты индустриялық-инновациялық даму, жергілікті қамтуды дамыту, экспортты, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды дамыту және жылжыту және индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну саласында көмек көрсетуге қатысу болып табылады.