Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды

Қазақстан мен Германия арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде вице-министр Руслан Баймишев Германияның Көлік және цифрлық инфрақұрылым федералдық министрлігінің парламенттік статс-хатшысы Штеффен Бильгермен кездесті.  

Тараптар көлік, авиация, транзит және логистика, сондай-ақ көлік саласын цифрландыру сияқты салаларда Қазақстан мен Германияның екіжақты ынтымақтастығын тереңдету перспективаларын талқылады. Кездесу нәтижесіне ризашылық білдіріп, екі ел арасындағы серіктестікті әрі қарай тереңдетудің маңыздылығын атап көрсетті.