Мемлекет басшысының биыл 21-ші қаңтарда берген тапсырмасына сәйкес ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі барлық кен орнына тексеру жүргізіп, жаңа инвесторларды тарту мақсатында игерілмей жатқан пайдалы қазбалардың орнын анықтады.
Мәселен, осы жылдың 23-ші желтоқсанындағы жағдай бойынша ИИДМ 92 келісімшартты бұзып, қатты пайдалы қазбаларға байланысты жер қойнауын пайдалануды көздейтін 183 лицензияның қолданылуын тоқтату жөнінде шараларды қабылдады. Лицензиялық-келісімшарттық талаптардың бұзылуы жөнінде жер қойнауын пайдаланушыларға 1779 хабарлама жіберілді.
Толық тізіммен мына жерден танысуға болады