Темір жол және автокөлікте вирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша қабылданған шаралар туралы

Темір жол және автокөлікте вирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша қабылданған шаралар туралы

СЭС мамандарымен ТЖ вокзалдарының қызметкерлерімен профилактикалық іс-шаралар өткізілді, оның барысында коронавирус СOVID-19 ауруының негізгі белгілері түсіндірілді, бұл бас ауруы, тұмау, кеуде ауруы, безгек, жоғары температура, жедел жүрек соғуы және жиі тыныс алу.

Осыған байланысты, жоғарыда аталған белгілердің кез келгені анықталған жағдайда, дереу Денсаулық сақтау министрлігі жанында ұйымдастырылған cаll-орталығына жүгіну қажет(1406, +7 7172 76 80 43).

Қазіргі уақытта вокзал қызметкерлері қажетті сақтық шараларын сақтауда: - тыныс алу органдарын қорғау құралдарын (маскаларды) пайдалану және қолды тұрақты негізде дезинфекциялау.

Елорда вокзалдарының ғимараттарында орнатылған LED экрандарда тақырыптық роликтер көрсетілуде және дезинфекциялау құралдары бар диспенсерлерді орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, 1 ақпаннан бастап келесі теміржол жолаушылар бағыттары тоқтатылды:

- №103/104 «Үрімші – Алматы», Қытай темір жолының поезы (Үрімші қаласынан сенбі күндері 6 вагон және Алматыдан дүйсенбі күндері 2 вагон). Алтынкөл-Қорғас өткізу пункті.

- № 13/14/53/54 «Нұр-Сұлтан / Алматы – Үрімші», «ҚТЖ «ҰК «АҚ» поезы (Алматы қаласынан 4 вагон және Нұр-Сұлтан қаласынан 4 вагон сенбі күндері жөнелтілетін, Үрімші қаласынан дүйсенбі күндері жөнелтілетін). Достық-Алашанькоу өткізу пункті.

Сонымен қатар, халықаралық автобус тасымалдаушыларына вирустық инфекциялардың алдын алу шаралары туралы жадынама, сондай-ақ көлік-коммуникация кешені объектілерінде (автовокзалдарда, көліктік бақылау бекеттерінде) көрсетілген жадынамаларды орналастыру бойынша хаттар жіберілді. Айта кетейік, Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты автобус маршруттары 2020 жылдың 27 қаңтарынан бастап уақытша тоқтатылды.