ҚР ИИДМ: Ірі кәсіпорындарға міндеттемелерді енгізудегі реттеуші әсерді талдау нәтижелеріне байланысты қоғамдық талқылау 29 желтоқсанда өтеді

ҚР ИИДМ: Ірі кәсіпорындарға міндеттемелерді енгізудегі реттеуші әсерді талдау нәтижелеріне байланысты қоғамдық талқылау 29 желтоқсанда өтеді

Мемлекет басшысының 2022 жылдың 8 ақпанында берген тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылдағы 30 қарашадағы №748 бұйрығымен бекітілген Реттеуші құралдардың реттеушілік әсеріне талдау жүргізу қағидасының 20-шы тармағына сәйкес ҚР Идустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2022 жылдың 29 желтоқсанында сағат 15:00-де:

- елішілік құндылықты дамыту бағдарламаларын бекіту және іске асыру;

- өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттар бойынша, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен тауарларды сатып алу және сатып алу рәсімдерін жүргізу;

- өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын стратегиялық шикізатпен қамтамасыз ету бойынша ірі кәсіпорындарға міндеттемелерді енгізудегі реттеуші әсерді талдау нәтижелеріне байланысты қоғамдық талқылаудың өткізілетінін хабарлайды.

Бұл ретте министрлік реттеуге жататын субъектілердің және өзге де мүдделі тұлғалардың аталған мәселенің шешім қабылдау процесіне қатысуын қамтамасыз ету үшін барлық мүдделі тұлғаны аталған реттеуші әсерді талдау нәтижелеріне арналған қоғамдық талқылауға қатысуға шақырады.

Қоғамдық талқылау келесі мекенжайда өткізіледі: Астана қаласы, Қабанбай Батыр даңғылы 32/1, «Транспорт-Тауэр» әкімшілік ғимараты.

Қоғамдық талқылауға қатысуға ниет танытқан азаматтар өздері жайлы мәліметтер (ТАӘ) мен байланыс телефондарын министрліктің a.ayazbaeva@miid.gov.kz электронды поштасына 2022 жылдың 15 желтоқсанына дейін жолдай алады. Өзге де мәселелер бойынша 8 (7172) 983-467, 8-747-911-32-45 байланыс нөмірлері арқылы хабарласып, білуге болады.