2020 жылдың ақпан айының қорытындысында Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,8% пайызға өсті

2020 жылдың ақпан айының қорытындысында Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,8% пайызға өсті

2020 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісі көлемі 105,8%, оның ішінде: тау-кен өнеркәсібі 104,7%, өңдеуші өнеркәсіп 109,4% құрады.

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 15 өңірде оң нәтижесін беруде. Екі өңірде Қызылорда облысында 11,2%, Жамбыл облысында 5,6% төм ендеу басқалды.

Тау-кен өндіру секторында түсті кен өндірісінің көлемі «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС (+7%), «RG Gold» ЖШС (+143%) кәсіпорындарының есебінен 7,9% (пайызға) ұлғайды.

Темір кенін өндіру саласында оң динамика байқалып, өсім 21,1%  құрады.

Көмір мен лигнит өндіру көлемі 100,1% құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде 9,4% өсім болды. Негізгі секторлар бойынша мынадай динамика байқалады: қара металлургияда өндіріс көлемі 108,7%, түсті металлургияда 7,9% өсті.

Машина жасау саласында өндіріс көлемі 29% өсті, оның ішінде автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер 72,2%, басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар 18,1%, электр жабдықтары 13,5%, өзге де көлік құралдарын жасау 95,5%, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату 3,3%, компьютерлер жасау 0,8% артты.

Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 25,3% өсті.

Жеңіл өнеркәсіпте жалпы өндіріс 12,4% өсті. Оған тоқыма бұйымдары өндірісінің 11,9%, былғары және оған жататын өнімдердің 11,8%, киім өндірісінің 9,7% ұлғаюы есебінен қол жеткізілді.   

Қазіргі уақытта «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде саланың дамуы бойынша бірқатар нормативтік актілер мен жүйелі шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, жеңіл және жиһаз өндірісі тауарларының жекелеген түрлерін, сондай-ақ құрылыс материалдарын шартты түрде шығаруға рұқсат етілмейтін тауарлар тізіміне қосылды. Құрылыс материалдары, жеңіл және жиһаз өндіретін кәсіпорындардың қуаттылығын көтерудің қосымша шаралары ретінде отандық тауар өндірушілерге 2 жыл мерзімге мемлекеттәк сатып алудан ұлттық режимнен босатуды белгілеу арқылы преференциялар беру мәселесі пысықталуда.

Көлік кешені бойынша 2020 жылдың ақпан айы бойынша нақты көлем индексі 100,5% құрады. Қазақстан арқылы контейнер тасымалдаудың жалпы көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 24,2% төмендеді. Атап айтқанда, Қытай - ЕуроОдақ – Қытай бағыты бойынша осы көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 24,1% төмендеді. Контейнерлік тасымал көлемінің төмендеуіне коронавирустың таралуы басты себеп болып отыр.

Құрылыс бойынша нақты көлем индексі 2020 жылдың қаңтар-ақпан айларында бойынша 111,9% құрады.13 өңірде оң динамика байқалады. 4 өңірде: Қызылорда (-29,9%), Павлодар (-15,3%), Маңғыстау (-12,7%) облыстарында және Шымкент қаласында (-36%) көрсеткіштің төмендеуі байқалды.

Тұрғын үй құрылысы бойынша 2020 жылдың ақпанның қорытындысы бойынша 1 680 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ол 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 96,1% тең. Жылдық жоспардың орындалуы 11,9% құрады.

2019 жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 11 өңірде ұлғайған: Көшбасшы өңірлер: Павлодар (173,3%), Батыс-Қазақстан (135,0%), Ақтөбе (128,2%), Жымбыл (126%), Қостанай (128,8%), Қызылорда (123,9%), Алматы (121,3%) облыстары. Ал 6 өңірде қарқын төмендеген, олар - Атырау (71,1%), Түркістан (77,6%), Маңғыстау (76,8%), Ақмола (78,1%), Шығыс Қазақстан (85%), облыстарында және Шымкент (24,1%) қаласында.