Мемлекеттік органдардың өкілдері реттеуші саясаттың консультативтік құжатын талқылады

Мемлекеттік органдардың өкілдері реттеуші саясаттың консультативтік құжатын талқылады

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жолаушыларды автокөлікпен тасымалдау саласындағы кейбір мемлекеттік функцияларды міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуге беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң (бұдан әрі - РСКҚ) жобасы аясында Реттеуші саясаттың консультативтік құжаты талқылаудан өткізілді.

Онда мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, Заңнама және құқықтық ақпарат институтының, «Атамекен» ҰКП-ның, салалық қауымдастықтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жиналды.

Отырыс барысында осы жылдың 24 қазанында қоғамдық талқылаудан өткізу үшін Ашық нормативтік-құқықтық актілердің порталында жарияланған Реттеуші саясаттың консультативтік құжатын әзірлеуге қатысты атқарылған жұмыстар жөнінде айтылды.

Бұл орайда автокөлікпен жолаушылар тасымалы саласындағы кейбір мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттеуге беру бойынша жұмыс 2020 жылдан бастап «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» бағдарламасының 97-қадамы мен Мемлекет басшысының 2019 жылдың 2-ші қыркүйегіндегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауын іске асыру аясында қолға алынғанын айта кету керек.

Аталған мәселені құзырлы мемлекеттік органдар, «Атамекен» ҰКП қолдап, кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мақұлдады. Бұдан әрі жұмыс белгіленген тәртіппен заң жобасын дайындау шеңберінде жүргізіледі.