
2020 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының негізгі ережелері мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларының талаптарын түсіндіру бойынша құқықтық семинар өтті.
Шараның негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік құндылықтарын жоғарылату және халыққа адал қызмет ету, кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру арқылы мемлекеттік қызмет имиджін арттыру.
Семинар барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің бас консультанты Енсегенова Айнұр қызметшілердің түрлі жағдайларда, әріптестермен, бағыныштылармен, басшылармен қарым-қатынаста, жұмыстан бос уақытында, сондай-ақ көпшілік алдында сөз сөйлеуде, сондай-ақ қызметтен тыс уақытта мінез-құлық стандарттары түсіндірді.
Сондай-ақ, еңбек заңнамасын сақтау мәселелері және мемлекеттік органдарда үстеме жұмысты азайту шаралары талқыланды.