2022 жылғы 1 қарашаға арналған бюджеттің атқарылуы туралы ақпарат

2022 жылғы 1 қарашаға арналған бюджеттің атқарылуы туралы ақпарат

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2022 жылға арналған бюджеті 2,1 трлн. теңгені құрайды

Ағымдағы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жоспар 1 548,5  млрд. теңге болса, бюджеттің игерілуі 1 491,8 млрд. теңгені немесе 96,3 % құрады.

Игерілмеген сомма - 56,7 млрд. теңгені құрады, оның ішінде:

55,9 млрд. теңге – Қазынашылықтың ақпараттық жүйелеріндегі техникалық ақауларға байланысты (оның ішінде 55,0 млрд. теңге - жүк техникасының жетекші белдіктерінің арқалықтарын оқшаулау деңгейін ұлғайту жөніндегі жобаны іске асыру үшін «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ға кредит беру, 623,1 млн.теңге – темір жол тасымалын субсидиялау, 178,2 млн.теңге – автомобиль жолдарын дамыту («Балқаш - Бурылбайтал» учаскесі), 62,8 млн. теңге – су жолдарының кеме жүретін жағдайда болуын қамтамасыз ету және шлюздерді күтіп-ұстау), төлемдер қазынашылық органдарымен қазанның соңғы күнінде өңделді, бірақ төленбеді.

Төлем келесі күні, яғни ағымдағы жылғы 1 қарашада жүргізілді.

542,0 млн. теңге – төлем нақты көрсетілген қызметтер бойынша жүргізілді, есепті айда қаражатты жұмсау қажеттілігінің болмауы, еңбек демалысы және іссапар кестелерінің өзгерілуі, бағамдық айырма;

245,0 млн.теңге – конкурстық рәсімдерді, шарттарды, қосымша келісімдерді жасау рәсімдерін ұзақ жүргізу, орындалған жұмыстар актілерін және шот фактураларды уақытылы ұсынбау.