
2020 жылғы 28 ақпанда Лондонда «Қазақстандағы тау-кен ісі: роуд-шоу 2020» іс-шарасы аясында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Баймишев тау-кен саласына инвестиция салуға қызығушылық танытқан британдық компаниялардың жетекшілерімен дөңгелек үстел өткізді. Кездесу «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Еуропа мен Америка өкілдерімен ұйымдастырылды.
Іс-шараға Central Asia Metals, Chaarat Gold, BCLP, Techmet сияқты оннан астам ірі британдық компаниялардың өкілдері қатысты. Қазақстан жағынан ҚР кездесуге сондай-ақ, ИИДМ Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры Асқат Пшенбаев, «Таукен Самұрық» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Құдайберген.
Кездесу барысында британдық инвесторларға Қазақстанның инвестициялық климатын, жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасы, сондай-ақ еліміздің тау-кен секторындағы негізгі инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды. «Тау-Кен Самұрық» АҚ шетелдік инвесторлармен ынтымақтастығының сәтті тәжірибесі туралы айтылып, нақты инвестициялық жобалар ұсынылды.
Ұлыбритания кәсіпорындары Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықты дамытуға үлкен қызығушылық танытты. Британдық компаниялардың өкілдері Қазақстанға осы жылдың сәуір айында инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі талқылау үшін MINEX Kazakhstan халықаралық геологиялық және тау-кен көрмесіне келуге ниет білдірді.