ҚР ИИДМ-де Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу жолдары талқыланды

ҚР ИИДМ-де Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу жолдары талқыланды

Бүгін, 2020 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алаңында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі А.Қ. Ержанов пен ішкі істер министрінің бірінші орынбасары М.Ш. Қожаевтың Армения Республикасында тіркелген қазақстандық автокөлік иелерінің мүдделерін білдіретін бастамашыл топпен (Д.К. Абдрахманов, Д. Бүркіт, С.Б. Ахметов, А.Т. Қажымұратова) жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында бастамашыл топтың өкілдеріне Армения Республикасынан Қазақстан аумағында еркін айналысы үшін автомобильдерді әкелу кезінде сақталуы тиіс ұлттық және еуразиялық заңнаманың нормалары толық түсіндірілді.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрінің түсіндірмелеріне сәйкес, Арменияға жеңілдетілген баж салығы бойынша әкелінген автомобильдер осы мемлекеттің аумағында ғана қолданылуы тиіс. Бұл Еуразиялық одаққа кіру кезінде Армения үшін негізгі шарт болды. Ол сондай-ақ, біздің азаматтарымыз армян билігінің жол беруімен Арменияда тұратын азаматтар ретінде өз атына автомобильдерді ресімдегенін және оның ЕАЭО заңнамасын бұзу болып табылатынын атап өтті. Бұл ретте, олар Қазақстанда осындай автомобильдерді пайдалану үшін оларға ҚР заңнамасына сәйкес тіркеу алымын, кәдеге жарату алымын және кедендік төлемдерді төлеу қажет екенін ескермеді, бұл ретте көлік құралдары ЕАЭО Техникалық регламентіне сәйкес келуі тиіс.
Бастамашыл топтың өкілдері өздері әкелген автомобильдерді заңдастыру бойынша пікір білдірді, атап айтқанда, Техникалық регламентке сәйкестігіне қарамастан, оларды Қазақстанда тіркеу үшін қажетті төлемдерден босату. Бұдан басқа, бастамашылық топ жеке тұлғалардың Армениядан автокөлік әкелуіне 2020 жылдың 1 наурызынан бастап тыйым салуды енгізуді немесе мұндай көлік құралдары үшін сақтандыру мөлшерін кемінде 3 млн.теңге белгілеуді ұсынды.
Өз кезегінде Уәкілетті органдардың өкілдері қолданыстағы заңнаманы ескере отырып, автомобильдерді тіркеу нұсқаларын ұсынды.
«Мүмкін болатын нұсқаларының бірі шетелдік автокөлікті уақытша әкелу үлгісі бойынша бастапқы тіркеу алымын төлемей тіркеу, басқа нұсқа болып – бастапқы тіркеу алымын төлеу мерзімін ұзарта отырып уақытша тіркеу болып табылады» - деп атап өтті М. Қожаев. «Екі нұсқада да көлікті иеліктен айыру құқығынсыз толық тозғанша дейін пайдалану қарастырылған».
Бұл ретте автомобиль – жоғары қауіптілік көзі, техникалық жағдайы жолдардағы қауіпсіздікке және жол қозғалысына қатысушылардың өміріне тікелей әсер етеді. Осыған байланысты автомобильдер міндетті түрде Техникалық регламентке сәйкес келуі тиіс.
Кездесу қорытындысы бойынша осы мәселені Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің алаңында талқылауды жалғастыру ұсынылды. Автокөлік иелеріне конструктивті емес әрекеттерден бас тарту ұсынылды, олар заңсыз митингілерді өткізу бөлігінде Қазақстан заңнамасын бұзуға жол бермеу туралы ескертілді.