Ұсталған экс-шенеунік Тимур Тоқтабаев ИИДМ-де 2019 жылдан бері жұмыс істемейді

Ұсталған экс-шенеунік Тимур Тоқтабаев ИИДМ-де 2019 жылдан бері жұмыс істемейді

Бұрынғы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаевтың ұсталуына байланысты ҚР ИИДМ хабарлайды.

Т.Тоқтабаев 2016-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде министрдің орынбасары лауазымында жұмыс істеген. Кейін 2019 жылғы 5 наурыздан 17 желтоқсанға дейін экс-шенеунік ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде вице-министр қызметін атқарған. 2019 жылдың 17 желтоқсанында, яғни 3 жыл бұрын Т.Тоқтабаев вице-министр қызметінен өз еркімен кеткен.  

Қамауға алынған экс-шенеунік туралы қосымша ақпарат беруге, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуге қатысты мәселелер қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының құзыретіне кіреді.