ҚР ИИДМ-де Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті

ҚР ИИДМ-де Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға ведомство ұжымы мен оған қарасты мекемелердің өкілдері қатысты.

Мерекелік жиынды ҚР ИИДМ басшысы Қайырбек Өскенбаев ашып, жиналғандарды атаулы датамен құттықтады.

«Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен Республика күні ұлттық мереке мәртебесіне ие болды. Биылдан бастап бұл күн – мемлекет құру жолындағы тарихи қадамның айқын символы ретінде кең көлемде аталып өтілмек. 1990 жылғы 25 қазанда Қазақстан өз егемендігі туралы декларация қабылдады. Бұл – тұғыры биік төл мемлекеттілігімізді қалыптастыру жолындағы алғашқы қадам болатын. Маңызды құжатта елдің саяси-құқықтық дербестігінің тұңғыш бағдарламасы баяндалды. Мемлекет аумағының тұтастығы мен ұлттық қадір-қасиетті нығайту жолындағы маңызды міндеттер айтылды», – деді министр.

Жиын барысында ведомство басшысы қажырлы қызметімен көзге түскен министрлік пен ведомстволық бағынысты мекемелердің бірқатар қызметкерін мемлекеттік наградалармен марапаттады.

Атап айтқанда, ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен ҚР ИИДМ Қоғамдық кеңесінің төрағасы, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Сейітсұлтан Әйімбетов марапатталды.

Ал «Парасат» орденімен «Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі Кенжебай Сәтжанов, «Құрмет» орденімен «Южное небо» Авиакомпаниясы» АҚ Ұшу қызметінің Ан-24 әуе кемесінің бортсерігі Гүлсім Әбікенова, ERG (Еуразиялық топ) корпоративтік қаржы жөніндегі корпоративтік директоры Марс Алдашов, «АБК-Автодор НС» ЖШС Ақмола филиалы учаскесінің бастығы Хажат Мұхамедиев, «Қазавтожол» Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары Шанжархан Мырзабай, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті төрағасының орынбасары Қайриден Нүркенов, «Су ресурстары - Маркетинг» ЖШС директорының бірінші орынбасары Рахымжан Шамсутдинов марапатталды.

ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ жетекші ғылыми қызметкерлері Есенбек Айдарбеков пен Қобланбек Айтбаев, «Қазавтожол» Ақтөбе облыстық филиалы Қобда жол-пайдалану пунктінің шнекоротор машинисі Максот Изенов, «Қазавтожол» Атырау облыстық филиалының «КДМ» әмбебап машинасының машинисі Сәрсенбай Рахимғалиев марапатталды.

Сонымен қатар «Ерен еңбегі үшін» медалімен «ИнТехКонтракт» ЖШС бригадирі Марат Едрес, ҚР ИИДМ Заң департаментінің басқарма басшысы  Гүлмира Жұматова, ҚР ИИДМ Қаржы және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары Нұрлан Жүнісов,  «Қазавтожол» Ақмола облыстық филиалының жүргізушісі Арман Камалиев, көлік саласының ардагері Мейірман Кузтаев, ҚР ИИДМ Қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық саясат департаментінің директоры Руслан Лепесов, «Қазавтожол» Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Жол-пайдалану бөлімінің КДМ машинисі Рахат Молжігітов, ҚР ИИДМ  Қаржы және бюджеттік жоспарлау департаменті басқармасының бас сарапшысы Ирина Несмашная, «BAZIS-A Corp.» ЖШС президентінің кеңесшісі Елена Симонова, «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК жобаларды сараптау басқармасы өндірістік бөлімінің конструкторлық секторының сарапшысы Багышбек Урустембеков және «Эйр Астана» АҚ стратегиялық даму және үкіметтік байланыстар бойынша вице-президенті Ердәулет Шәмшиев марапатталды.

Бұдан бөлек, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы ҚР ИИДМ Кадр қызметі департаменті директорының орынбасары Әсел Қожақова мен «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ тау-кен металлургия және химия саласын дамыту дирекциясының басшысы Ринат Қабылбековке табысталды.

Список сотрудников, награжденных почетной Грамотой