«Қарағанды-Балқаш» және «Балқаш-Бурылбайтал» учаскелері бойынша 648 шақырымның 450-інде жұмыстар аяқталған

«Қарағанды-Балқаш» және «Балқаш-Бурылбайтал» учаскелері бойынша 648 шақырымның 450-інде жұмыстар аяқталған

Аталған учаскелерде қазір 970 бірлік арнайы техника және 1718 адам жұмылдырылған

ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағаты барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев «Қарағанды-Балқаш» және «Балқаш-Бурылбайтал» учаскелеріндегі жұмыстардың барысы туралы айтты.

Бүгінде реконструкциялау жұмыстары 14 учаскеде жүргізіліп жатыр. 400 шақырымнан астам қашықтықта құрылыс жұмыстары аяқталған.

«Қарағанды-Балқаш», «Балқаш-Бурылбайтал» учаскелері бойынша жұмыстар 648 шақырымда жүргізілуде. Бүгінге дейін соның 450 шақырымында орындалған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жұмыстар толығымен келесі жылы тәмәмдалады», - деп жеткізді Қ.Өскенбаев.

ИИДМ басшысы аталған жобалар бойынша не себепті кешеуілдеу болғанын жайлы тоқталды. Оның айтуынша, реконструкция жұмыстарының үрдісіне жол-құрылыс материалдарының күрт қымбаттауы, сондай-ақ, битум мен дизель отынының тапшылығы айтарлықтай кері әсерін тигізген. Айта кетейік, аталған учаскелерде қазір арнайы техниканың 970 бірлігі және 1718 адам жұмылдырылған.