
2020 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде Мемлекетаралық авиациялық комитеттің (МАК) техникалық зертханасы базасында әзірленген «Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағы апатын визуалдаған роликті көрсетуге арналған баспасөз мәслихаты болып өтті.
Жиында МАК-тің Бас директоры Сороченко Виктор Владимирович, МАК-тің әуе апаттарын тексеруді ғылыми-техникалық жағынан қамту департаментінің жетекшісі Трусов Виктор Андреевич, ҚР ИИДМ Авиациялық апаттар мен инциденттерді зерттеу жөніндегі басқармасының бастығы Түсіпбеков Қанат Сәбитұлы сөз сөйледі.
Визуалдау деген параметрлік және апат болған жерден алынған дауысты өздігінен жазатын құралдардың мағынасын ашу негізінде әуе апаттары кезіндегі ұшақтың қозғалысын суреттеуге саяды. Көрнекі болуы үшін ұшақтың кешенді навигациялық жабдығы – жылдамдықты, тангажды, қисаюуын, бағытын, биіктігін көрсеткен әуе көкжиегі, күштік қондырғының жұмыс көрсеткіштері, басқару беті ауытқуының шартты индикациясы, шассидің негізгі діңгектерінің қысылуы, сондай-ақ жаңғыртылған уақыт аралығына сәйкес ұшу-қону алаңындағы ұшақтың орналасуы және кескіндік көрсеткіштері көрсетілді.