Мемлекеттік қызметкер қызметтік әдеп жөнінде нені білуі керек

Мемлекеттік қызметкер қызметтік әдеп жөнінде нені білуі керек

2022 жылғы 26 - 29 қыркүйек аралығында ҚР  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша көліктік бақылау инспекцияларының қызметкерлеріне аумақтарда профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында Министрліктің Әдеп жөніндегі уәкілі Таңсила Мұздыбекова «Мемлекеттік қызметкер қызметтік әдеп жөнінде нені білуі керек» деген тақырыпта дәрістер өткізді.

Дәрістің негізгі мақсаты - мемлекеттік қызметкердің моральдық-этикалық бет-бейнесін жоғарылату, соның ішінде әділетті, қарапайым, әділ, адал ниетті, клиентке бағдарланған, өз ісінің маманы, сондай-ақ ең бастысы халықпен тіл табыса білу дағдыларын дамыту.

Бұған қоса, мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, жемқорлықтың алдын алу мен жою мақсатында семинарға қатысушыларға Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңымен көзделген мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулеріне қатысты нормалары түсіндірілді.